15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рафаэль Уразбахтин «Ақтөбе» жанкүйерлері жайында айтты

Рафаэль Уразбахтин «Ақтөбе» жанкүйерлері жайында айтты

«Қайрат» — «Ақтөбе» (1:0) ойыны аяқталғаннан кейін баспасөз мәслихатында алматылық ұжымның бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Ақтөбе» жанкүйерлері жайында айтты.

«Ақтөбеге» қарсы ойында стадион әрдайым лық толы болады. Ақтөбеде өткен матчтарда да жағдай солай – жанкүйерлер аншлаг жасайды. Олардың командаға деген адалдығы ерекше, қонақтар секторы бос тұрмайды. «Қайрат» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесулер – біздің чемпионаттың нағыз көркі. Бұл тек футболымыздың дамып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, «Қайрат» — «Ақтөбе» ойынына 22 800 жанкүйер жиналған.