15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

WTA рейтинг жаңартты. Қазақстандық теннисшілер жоғары көтерілмеді

WTA рейтинг жаңартты. Қазақстандық теннисшілер жоғары көтерілмеді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында спортшылардың ағымдағы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: бірінші орында белорус Арина Соболенко, екінші орында польшалық Ига Швёнтек, үшінші орында америкалық теннисші Кори Гауфф.

Қазақстан өкілі Елена Рыбакина оныншы орында қалды. Юлия Путинцева бір орын төмен сырғып, 61-орынға тұрақтады.

Жұптық рейтингте бұрынғысынша Тэйлор Таунсенд (АҚШ), Катерина Синякова (Чехия) және Эрин Рутлиф (Жаңа Зеландия) үздік үштікте.

Қазақстанның «дубльдегі» бірінші ракеткасы Анна Данилина бір орын төмендеп, 13-орынға түсті. Путинцева да бір позицияға төмендеді — 107-ші орын.