14.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Санжар Тәшкенбай Ливерпульде алтыннан алқа тақты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Санжар Тәшкенбай Ливерпульде алтыннан алқа тақты

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай алтын медаль жеңіп алды.

50 келі салмақ дәрежесіндегі финалда ол моңғолиялық Алдархишиг Баттулгамен қолғап түйістіріп, үш раунд бойы толық үстемдік көрсетті. Төрешілер жекпе-жекті 5:0 есебімен бір ауыздан Санжардың пайдасына шешті.

Осылайша, Тәшкенбай өз карьерасындағы екінші әлем чемпиондығын иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқв алтынды салды.

Айта кетейік, бұған дейін осы додада Назым Қызайбай ел қоржынына күміс медаль еншілеген болатын.