14.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Пол Пирс өткен маусымда Бостонның ойынын сынға алды

Пол Пирс өткен маусымда Бостонның ойынын сынға алды

НБА аңызы Пол Пирс өткен маусымда «Бостон Селтикстің» өнері туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Heavy.

«Олар сол сериядан өздері шығып қалды. Алғашқы екі матчта 20 ұпайлық басымдықты өз алаңдарында жіберіп алды. Өздері жіберіп алды, «Никстің» және олардың таланттарының ешқандай қатысы жоқ»

Пирстің пікірінше, мәселе команданың ойын стилінде — «Селтикс» үш очколық лақтырулардан тым тәуелді болғандықтан жиі басымдықтан айырылады. Плей-офф екінші кезеңінде Джейсон Тейтумның жарақатынан кейін клуб күрделі кадрлық шешімдер қабылдауға мәжбүр болды.

«Тейтумның жарақаты клубтың жазғы жоспарларын түбегейлі өзгертті деп ойламаймын. Оларға бәрібір сол шешімдерді қабылдауға тура келер еді. Бірақ жарақат оларды жеңілдетті — Дрю Холидей мен Кристапс Порзингиспен сенімді түрде қоштасуға мүмкіндік берді»

Пол Пирс алдағы маусым «Бостон» ойыншыларының көпшілігі үшін командадағы болашағын анықтайтын маусым болатынын атап өтті.