14.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тюрамдар дербиінде Кефрен Тюрам жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Тюрамдар дербиінде Кефрен Тюрам жеңіске жетті

«Ювентус» – «Интер» (4:3) дербиін трибунадан Лилиан Тюрам тамашалады. 76-минутта миландықтардың шабуылшысы Маркус Тюрам есепке белгі түсірсе, 83-минутта туриндіктер сапындағы інісі Кефрен Тюрам жауап голын соқты.

Екі бауыр да мерген соққыларын бірдей стильде тойлады. «Ювентустың» бұрынғы қорғаушысы Лилиан Тюрам ұлдарының дуэлін жымиып, сабырмен қабылдады.