14.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Чехия теннисшілері финалда

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Чехия теннисшілері финалда

Чехия теннисшілері Дэвис кубогы–2025 әлемдік топтың финалдық кезеңіне жолдама алды. Олар АҚШ құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Алғашқы күн қорытындысы бойынша есеп 1:1 болған.

Жұптық кездесуде америкалық Остин Крайчек / Раджив Рам дуэті чехтердің Томаш Махач / Якуб Меншик жұбын 7:6, 5:7, 6:4 есебімен жеңді. Алайда кейін жекелей матчтарда Чехия басым түсті: Иржи Легечка АҚШ-тың бірінші ракеткасы Тейлор Фрицті 6:4, 3:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді, ал шешуші кездесуде Якуб Меншик Фрэнсис Тиафоны 6:1, 6:4 нәтижесімен қаусытып, құрамасына жеңіс сыйлады.

Осылайша Чехия жалпы есеппен 3:2 жеңіске жетіп, Дэвис кубогының финалдық сегіздігіне өтті.