13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс Аренаға» 11 мыңнан астам жанкүйер жиналды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс Аренаға» 11 мыңнан астам жанкүйер жиналды

ҚХЛ-дың үшінші турында «Барыс» өз алаңындағы ойындарын жалғастырды. Бұл жолы қарсылас – «Минсктің Динамосы» болды.

Кездесуге дейін-ақ барлық билеттер сатылып кетіп, «Барыс Аренада» 11 626 жанкүйер жиналды. Үлкен қолдауына қарамастан елордалық клуб 1:3 есебімен минскілік командаға жол берді.

Енді «Барыс» келесі үй кездесуін 15 қыркүйек күні Мәскеудің «Динамосына» қарсы өткізеді.