13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Роналду мен Джорджинаның той күнін белгіледі

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Роналду мен Джорджинаның той күнін белгіледі

Испаниялық басылымдарда Криштиану Роналду мен Джорджина Родригестің үйлену тойы 2026 жылдың 19 шілдесінен кейін өтуі мүмкін деген хабар тарады. Бұл болжамды TVE-нің D Corazón бағдарламасындағы журналист Альберто Гусман келтірген, ал Marca USA осы дерекке сілтеме жасайды. Дегенмен нақты күн — 20 шілде екені ресми түрде расталған жоқ.

Бұған дейін жұп 2025 жылғы 11 тамызда қалыңдық сақинасын жариялап, құдалықтарын растаған, бірақ той датасы туралы ресми хабар бермеген. Кей ақпарат көздері тойдың Португалияда өтуі мүмкін екенін жазады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде өтеді. Сол себепті медиа «финалдан кейінгі күн» нұсқасын (20 шілде) болжауда, бірақ қазіргі сәтте бұл тек бейресми мәлімет деңгейінде қалып отыр.