13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық дзюдошы өзбекстандық қарсыласына есе жіберді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық дзюдошы өзбекстандық қарсыласына есе жіберді

Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 73 келіде күрескен қазақстандық дзюдошы Ернар Кенесхан жартылай финалда өзбекстандық Бунед Сафаровқа есе жіберді, деп хабарлайды sportarena.kz.

Осы нәтижеден кейін Ернар Кенесхан турнирдің жұбаныш сеткасында өнерін жалғастырып, қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 13–14 қыркүйек күндері Индонезия астанасында өтуде.