13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бүгін Ливерпульде Қазақстаннан 6 боксшы рингке шығады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бүгін Ливерпульде Қазақстаннан 6 боксшы рингке шығады

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 13 қыркүйекте, Қазақстан құрамасынан бір күнде алты боксшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport12.kz. Тікелей эфирді «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан көре аласыздар.

Күндізгі сессия | басталуы 16:00

  • 48 кг (16:00–16:30)Назым Қызайбай vs Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
  • 50 кг (18:00–18:30)Санжар Тәшкенбай vs Алехандро Кларо Физ (Куба)
  • 55 кг (18:40–19:10)Махмұд Сабырхан vs Лю Чуанг (Қытай)

Кешкі сессия | басталуы 22:00

  • 51 кг (22:20–22:50)Алуа Балқыбекова vs Ксиню Кю (Қытай)
  • 70 кг (23:00–23:30)Төрехан Сабырхан vs Одель Камара (Англия)
  • 70 кг (23:30–00:00)Наталья Богданова vs Шантель Рейд (Англия)

Әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында өтуде. Жанкүйерлерге сәттілік тілейміз!