13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» жеңісті жолын жалғастыра алады ма?

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» жеңісті жолын жалғастыра алады ма?

Бүгін ҚХЛ-дың 3-турында «Барыс» өз алаңында «Динамо Минскпен» ойнайды. Матч 13 қыркүйек күні 17:00-де басталады, кездесуді Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Бұл ойынға қызығушылық жоғары — барлық билеттер сатылып кеткен. Маусымды сәтті бастаған «Барыс» алғашқы екі матчта да жеңді, ал қарсылас «Динамо Минск» бір ойында жеңіп, бірінде ұтылды.

Командалардың өзара тарихында бұған дейін 33 кездесу өткен: соның 14-і «Барыстың» жеңісімен аяқталса, қалған матчтарда минскіліктер басым түскен. Соңғы бес ойында қазақстандық club төрт рет қарсыласына есе жіберген.

Маусым алдындағы дайындықта «Барыс» Астанада өткен екі бақылау матчында Новосібірдің «Сибирін» 3:2 және 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бұған қоса, елордадағы жолдастық кездесулерде «Тракторды» 4:3 (ОТ) және «Амурды» 4:3 (буллит) есебімен ұтқан.