13.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дэвис Кубогы: қазақстандықтар жұптық ойында Оңтүстік Кореяға жол берді

Дэвис Кубогы: қазақстандықтар жұптық ойында Оңтүстік Кореяға жол берді

Казақстан құрамасы жұптық кездесуде Оңтүстік Кореядан жеңілді, Sport Pulse хабарлайды.

Чхунчхон қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогының Әлемдік I тобы аясында Қазақстан теннисшілері қарсыластарына есе жіберді. Александр Шевченко мен Тимофей Скатовтан құралған дуэт корейлік Сон Пак / Сон Нам жұбына 2:6, 3:6 есебімен жол берді. Кездесу бар болғаны 1 сағат 2 минутқа созылды.

Бұл жеңіс Оңтүстік Корея құрамасына жалпы есепте 2:1 есебімен алға шығуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қазақстан құрамасы маңызды жоғалтуды бастан кешірді – команданың көшбасшысы Александр Бублик жамбас жарақатына байланысты турнирден бас тартты.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!