12.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне шетелдік мамандарды қарастыруда

ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне шетелдік мамандарды қарастыруда

«Серый CARDINAL» телеграм-арнасының мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама үшін жаңа жаттықтырушы іздеуде — басымдық шетелдік мамандарға беріліп отыр.

ҚФФ 5-6 үміткерді қарастырып жатыр және таңдауын шетелдік маманға тоқтататын сияқты

Еске сала кетейік, Али Алиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Бельгия құрамасынан ауыр жеңілістен кейін бас бапкер қызметінен кетті. Ағымдағы іріктеу циклінде қазақстандық команда небәрі үш ұпай жинап, J тобында соңғыдан бір саты жоғары орналасқан.

Топтағы турнирлік жағдай келесідей:

  • Солтүстік Македония — 11 ұпай
  • Бельгия — 10 ұпай
  • Уэльс — 10 ұпай
  • Қазақстан — 3 ұпай
  • Лихтенштейн — 0 ұпай