12.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

УЕФА клубтық жарыстардың регламентіне маңызды өзгерістер енгізді

УЕФА клубтық жарыстардың регламентіне маңызды өзгерістер енгізді

УЕФА Атқарушы комитеті клубтық жарыстардың регламентіне маңызды өзгерісті бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Енді клубтарға ойыншының ауыр жарақат алуына байланысты қосымша алмастыру жасауға рұқсат беріледі. Бұл мүмкіндік жарыстың жалпы кезеңінде, алтыншы раундқа дейін қолданылады.

УЕФА дерегінше, өзгерістің басты мақсаты — командалардың құрамының қысқарып кетуін болдырмау және қалған ойыншылардың артық жүктемесін азайту.

Жаңа формат 16 қыркүйектен бастап, 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасы маусымының жалпы кезеңінен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, биылғы маусымда Қазақстан чемпионы «Қайрат» өз бағын сынап көреді.