12.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Абсолют чемпиондық үшін жекпе-жек: Иноуэ мен Ахмадалиев Нагояда кездеседі

Абсолют чемпиондық үшін жекпе-жек: Иноуэ мен Ахмадалиев Нагояда кездеседі

Алдағы жексенбіде Жапонияның Нагоя қаласында кәсіби бокстағы маңызды жекпе-жек өтеді — екінші жеңіл салмақтағы қазіргі абсолют әлем чемпионы Наоя Иноуэ міндетті үміткер Муроджон Ахмадалиевпен кездеседі.

Жеңілісі жоқ жапон боксшысы Иноуэнің активінде 30 жеңіс пен 27 нокаут бар, ол дивизиондағы барлық негізгі белбеулерді — WBA, WBC, WBO және IBF иеленіп отыр. Өзбекстандық қарсыласы жекпе-жекке бір жеңілісі бар 14 жеңіспен келеді.

Жекпе-жек трансляциясы Астана уақыты бойынша 15:45-тен кейін ESPN Knock Out телеарнасында басталады.