12.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дамир Марат: «Бізді мықты қарсылас күтіп тұр»

Дамир Марат: «Бізді мықты қарсылас күтіп тұр»

13 қыркүйекте футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарымен» кездеседі. «Оқжетпес» шабуылшысы Дамир Марат алдағы матч жайында өз ойымен бөлісті, — деп хабарлайды Sport Pulse тілшісі.

– Бізді қиын да қызықты ойын күтіп тұр. Қарсылас мықты, бірақ біз өз ойынымызды көрсетуге дайынбыз, – деді Дамир Марат.

«Қызылжар» – «Оқжетпес» матчы сенбі күні, 13 қыркүйекте, жергілікті уақытпен сағат 17:00-де басталады.

22 турдан кейін «Оқжетпес» турнир кестесінде 32 ұпай жинап, алтыншы орында тұр. Ал «Қызылжар» 21 ұпаймен тоғызыншы орында.