12.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аргентиналық әнші Ники Николь Барселона ойыншысымен қарым-қатынасы туралы айтты

Аргентиналық әнші Ники Николь Барселона ойыншысымен қарым-қатынасы туралы айтты

RMC Sport мәліметі бойынша, Ники Николь «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямальмен қарым-қатынасын ресми растады.

Бұған дейін БАҚ-та 25 жастағы аргентиналық әнші мен Испания құрамасының 18 жастағы ойыншысының сүйісіп тұрған суреттері жарияланған болатын.

«Барселона — махаббат қаласы. Каталон тілінде маған ұнайтын ерекше сөздер бар. Мен бұл тілді үйренуім керек. Мен t’estimo сөзін Розалиядан үйрендім. Ламин де маған осы сөзді үйретті, ол тамаша мұғалім», — деді Николь.

Романтикалық қарым-қатынастан не күтетіні туралы сұраққа әнші:

«Ләззат, шынайылық және ынтымақтастық. Иә, Ямаль маған осының бәрін береді», — деп Барселонадағы Desigual көрсетілімінен кейін жымия жауап берді.