11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Футзалдан Еуропа чемпионаты Қазақстанда өтеді

Футзалдан Еуропа чемпионаты Қазақстанда өтеді

2027 жылғы футзалдан U-19 Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі Астанада өтеді. Бұл туралы Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Футзалдан U-19 Еуропа чемпионаты Астанада өтеді. UEFA Атқарушы комитеті Қазақстанның өтінімін қабыл алып, бәсекелестер арасынан жеңімпаз деп таныды. Бұл жасөспірімдер үшін үлкен мотивация әрі болашақта ұлттық құрамаға жаңа кадрлар даярлау жолында тамаша тәжірибе болмақ», – деді Құрман.

Айта кетейік, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде финалдық турнирге автоматты түрде жолдама алып, жарысқа қатысатын сегіз команданың бірі болады.