11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» клубы Оливье Родригке байланысты ресми мәлімдеме жасады

«Барыс» клубы Оливье Родригке байланысты ресми мәлімдеме жасады

Жаттығу барысында жарақат алған Оливье Родриг тереңдетілген медициналық тексерістен өтті. Тексеру нәтижесінде қосымша емді қажет ететін жарақат анықталды, — деп хабарлайды Sport Pulse.

Хоккейшімен ақылдаса келе, клуб Оливье Родригпен  келісімшартты өзара келісім бойынша бұзуға шешім қабылдады.

Айта кетейік, 25 жастағы қақпашы астаналық клуб сапына осы маусымда қосылып бірде-бір ресми ойын өткізбеді.