11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды

Жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы үшін сәтті күн болды: кеше 1/8 финалда шаршы алаңға шыққан 17 отандасымыздың сегізі жартылай финалға шықты.

Аса жеңіл салмақтағы ширек финалдық жекпе-жектер 12 қыркүйекте өтеді. Бұл салмақта ел намысын Санжар Тәшкенбай (50 келі) мен Назым Қызайбай (48 келі) қорғайды.

Жартылай финалға өткен қазақстандықтар:

Әйелдер құрамасы:

  • 51 келі: Алуа Балқыбекова
  • 60 келі: Виктория Графеева
  • 65 келі: Аида Әбікеева
  • 70 келі: Наталья Богданова
  • 80+ келі: Елдана Талипова

Ерлер құрамасы:

  • 55 келі: Махмұд Сабырхан
  • 70 келі: Төрехан Сабырхан
  • 90+ келі: Айбек Оралбай

Осылайша, Қазақстан құрамасы бір күннің ішінде сегіз жартылай финалист дайындап, командалық есепте жүлдеге үміткерлер қатарын арттырды.