11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы жағажай футболынан Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы жағажай футболынан Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

Италияның Виареджо қаласында жағажай футболынан Қазақстан құрамасы «Euro Beach Soccer League Promotion Final Viareggio-2025» турнирінде алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Отандастарымыз турнир барысында Мальтаны 7:4 есебімен жеңді. Ел құрамасынан Ершин, Деринг, Мыңбаев, Демешко (екі гол), Кайзер (екі гол) мергендік танытты.

Енді отандастарымыз алдағыойын 12 қыркүйекте Румынияға қарсы матч өткізеді. Ал 13-15 қыркүйек аралығында плей-офф кезеңі өтеді.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы сапында Дастамиден Дагиев («Арман»), Дмитрий Бровко («Барқы»), Нұрдәулет Болатбек («Малайсары»), Михаил Кайзер («Арман»), Айдын Мәліков («Малайсары»), Игорь Демешко («Арман», капитан), Артур Деринг («B& A»), Тимур Ершин («Арман»), Әбдіқадыр Құрбанов («Омега»), Саят Әшімов («Малайсары»), Алан Мыңбаев («Арман»), Владислав Шевчук («Арман») ойын көрсетеді.