11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дания ұлттық құрамасының капитаны «Вольфсбург» ойыншысы

Дания ұлттық құрамасының капитаны «Вольфсбург» ойыншысы

Дания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен ресми түрде «Вольфсбург» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

Қос тарап 2027 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

33 жастағы жартылай қорғаушы «қасқырлардың» сапында 24-нөмірлі жейдемен тер төгеді.

Айта кетейік, Эриксеннің соңғы клубы «Манчестер Юнайтед» болған еді.