11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Симеоне қазіргі заманның үздік футболшысын таңдады

Симеоне қазіргі заманның үздік футболшысын таңдады

El Partidazo de COPE мәліметі бойынша, мадридтік «Атлетиконың» бас бапкері Диего Симеоне қазіргі заманның үздік футболшысын анықтады — ол Хулиан Альварес болды.

Сұхбат барысында аргентиналық маманға футболшылар жұбынан мықтысын таңдау ұсынылды — олардың арасында Джуд Беллингем, Мохамед Салах, Усман Дембеле және әлемдік футболдың басқа да жұлдыздары болды.

«Хулиан әлде Винисиус?» — «Хулиан, жүз пайыз»
«Хулиан әлде Мбаппе?» — «Хулиан»
«Хулиан әлде Ламин [Ямаль]?» — «Хулиан»

«Матрасниктер» бапкері Эрлинг Холанд, Педри, Витинья, Коул Палмер және Рафинья сияқты ойыншылармен салыстырғанда еш күмәнсіз Альваресті таңдады.