10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Захарян қалпына келіп, Мадрид Реалына қарсы ойнауға дайын

Захарян қалпына келіп, Мадрид Реалына қарсы ойнауға дайын

«Реал Сосьедад» баспасөз қызметі Арсен Захарянның Мадрид «Реалына» қарсы алдағы матчқа толық дайын екенін хабарлады.

Баск клубы Ла Лиганың төртінші туры аясында «кілегейліктерді» өз алаңында 13 қыркүйекте қабылдайды.

«Захарян командамен бірге шектеусіз жаттығуда. Ол Реалмен матчқа дайын», — деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.

22 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы биылғы маусымда бірде-бір матч өткізген жоқ. Өткен маусымда жарақаттарға байланысты ол небәрі 4 кездесу өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.