10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Нұрбек Оралбай 1/16 финалда турнир жолын тоқтатты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Нұрбек Оралбай 1/16 финалда турнир жолын тоқтатты

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында 80 кг салмақта сынға түскен қазақстандық Нұрбек Оралбай 1/16 финалда өзбекстандық Джавохир Умматалиевпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Sport-pulse.kz.

Тартысты өткен айқаста бірінші раунд ұпайы төрешілердің бірауызды шешімімен өзбек боксшысына жазылды. Екінші раундта Нұрбек жақсартып, 3:2 есебімен басым түсті. Алайда қорытынды шешім бойынша жеңіс Умматалиевке берілді.

Осылайша, Нұрбек Оралбай әлем чемпионатын 1/16 финалда аяқтады.