10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Елдана Тәліпова 4:1 есебімен жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Елдана Тәліпова 4:1 есебімен жеңіске жетті

Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында әйелдер арасындағы аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Елдана Тәліпова Жаңа Зеландия спортшысы Селин Даниэльмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport-pulse.kz.

Үш раундқа созылған айқаста қос боксшы да алғашқы минуттан ашық күрес көрсетті. Дәл соққылары көбірек өткен Тәліпова қарсыласынан басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Отандасымыз 12 қыркүйекте жартылай финалда рингке қайта шығады.

Айта кетейік, Елдана Тәліпова биыл наурыз айында Сербияда өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген еді.