10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлиев ұлттық құрамада қалуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әлиев ұлттық құрамада қалуы мүмкін

Қазақстан футбол федерациясы бас бапкер Әли Әлиевтің қызметінен кету туралы өтінішін қабылдамағанға ұқсайды.

Ұлттық құрама биыл жыл соңына дейін үш ойын өткізеді. Егер сол кездесулердің бәрінде жеңіске жетіп, турнирлік кестеде жоғары орындардан көрінсе, Әлиевтің құрамадағы жұмысы жалғасуы ықтимал.

Еске сала кетейік, ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Қазақстан Бельгиядан 0:6 есебімен жеңіліп қалған еді. Сол матчтан кейін бас бапкер отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.