10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ғалымжан Кенжебек «Елімайда» қалатын болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ғалымжан Кенжебек «Елімайда» қалатын болды

22 жастағы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Тольяттидің «Акрон» клубына ауыспайды. Ол әзірге «Елімай» сапында өнерін жалғастырады, деп хабарлайды AS News.kz.

Ресейлік БАҚ-тағы қауесеттерге қарамастан, тараптар келісімге әлі жақын емес. Футболшының өкілдері Кенжебектің бар назарын «Елімайдағы» ағымдағы маусымға аударып отырғанын айтты. Ал оның болашағына қатысты нақты шешім бір айдан кейін қабылданады деп күтілуде.

Айта кетейік, Кенжебек жазда Словакияның «Кошице» клубынан «Елімайға» ауысқан болатын. Жас ойыншыға еуропалық клубтар да қызығушылық танытып отыр, олардың қатарында Шотландияның «Хартс» командасы бар.