10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мыңға жақындап келеді: Роналду жаңа рекорд орнатты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Мыңға жақындап келеді: Роналду жаңа рекорд орнатты

Португалия құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Венгрияны 3:2 есебімен тізе бүктірді. Ойынның басты қаһарманы Криштиану Роналду болды.

38 жастағы шабуылшы 11 метрлік айып добын сәтті орындап, ұлттық құрама сапындағы 141-ші, ал жалпы мансабындағы 943-ші голын соқты. Бұл оның карьералық «мыңдыққа» бір қадам жақындағанын білдіреді.

Айта кетейік, Роналду өзінің кәсіби мансабында 211 рет пенальти орындап, соның 178-ін дәл соққан. Бұл шамамен 85% тиімділік көрсеткіші. Бір қызығы, соңғы жеті матчта соққан он голының бесеуі айып добынан тіркелген.

Сонымен қатар, Роналду әлем чемпионаттарының іріктеу кезеңдерінде 39 гол соғып, рекорд иесі гватемалалық шабуылшы Карлос Руиспен теңесті.