10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Лиам Делап Челсидің жалпы тобына қашан оралатыны белгілі болды

Лиам Делап Челсидің жалпы тобына қашан оралатыны белгілі болды

Дэвид Орнстейн журналисінің мәліметі бойынша, лондондық «Челсидің» шабуылшысы Лиам Делап — қарашада жаттығуларға кірісетін болады.

Ағылшын шабуылшысы «Фулхэмге» қарсы жеңіс матчында санының артқы бетін зақымдады — кездесу «көктердің» пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

Клубтың медициналық штабы футболшыны операциясыз қалпына келтіру туралы шешім қабылдады — оңалту процесі шамамен он аптаға созылады.