10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Назым Қызайбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Назым Қызайбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымы өткізіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Назым Қызайбай (48 кг) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды  Sport-pulse.kz.

1/16 финалда ол венгриялық Лилла Селечкимен жұдырықтасып, кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ бастаманы өз қолына алып, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Қызайбай келесі кезең — 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Назым Қызайбай — Қазақстан тарихында әйелдер арасында алғашқы екі дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.