09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Sport Pulse ХК «Барыстың» ресми ақпараттық серіктесі атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Sport Pulse ХК «Барыстың» ресми ақпараттық серіктесі атанды

Sport-pulse.kz спорт порталы Астананың «Барыс» хоккей клубының ресми ақпараттық серіктесі атанды.

Sport Pulse Қазақстанның жетекші командаларымен ақпараттық әріптестікті белсенді түрде дамытып келеді. Біз спорт жаңалықтарын жасауға жаңа мүмкіндіктер мен форматтарды қолданамыз, сондай-ақ видеоконтентке және жаңа технологияларды қолдануға ерекше мән береміз.

«Қазақстандық хоккейдің көптеген жылдар бойы флагманы болып келе жатқан «Барыс» хоккей клубының ресми серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Біздің Sport-pulse.kz спорт порталы елдің жетекші командаларымен ақпараттық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. Біз спорт жаңалықтарын жасауға жаңа мүмкіндіктер мен форматтарды қолданамыз, видеоконтентке және жаңа технологияларды қолдануға ерекше мән береміз. «Барыс» хоккей клубымен біздің ынтымақтастығымыз жемісті және өзара тиімді болады деп сенемін», – деді Sport Pulse Qazaqstan жетекшісі Елдар Аманбаев.

Sport Pulse сондай-ақ волейболдан «Астана» және Berel клубтарымен, футболдан «Оқжетпес», «Ордабасы», «Елімай», Freedom QJ League, Қазақстан теннис федерациясы және басқалармен табысты серіктестік орнатқан.