09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстан CAFA-2025 Кубогын жеңіп алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Өзбекстан CAFA-2025 Кубогын жеңіп алды

Өзбекстан ұлттық құрамасы Орталық Азия футбол қауымдастығының (CAFA) Ұлттар кубогында чемпион атанды, деп хабарлайды Sport Pulse.

Финалда Тимур Қападзе шәкірттері Иранды қосымша уақытта 1:0 есебімен ұтты. Матчтың 5-минутында ирандық қорғаушы Ария Юсефи алаңнан қуылып, өзбекстандықтар көпшілікте ойнады. Бірінші экстра-таймның соңында Элдор Шомуродов пенальтиді жүзеге асыра алмады. Шешуші голды 120-минутта Ходжиакбар Алижонов соқты.

Бұл — Өзбекстан құрамасының CAFA Ұлттар кубогындағы алғашқы тарихи жеңісі. Биыл көктемде өзбекстандықтар алғаш рет 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.