09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ноттингем Форест» Нуну Эшпириту Сантумен қоштасты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ноттингем Форест» Нуну Эшпириту Сантумен қоштасты

Ағылшынның «Ноттингем Форест» клубы бас бапкер Нуну Эшпириту Сантуды қызметінен босатты. Ерекше жайт — клуб маусым айында маманмен келісімшартты 2028 жылға дейін ұзартқан болатын.

Клубтың ресми мәлімдемесінде Сантудың «Сити Граундта» өткен табысты кезеңіне, әсіресе 2024/25 маусымындағы рөліне алғыс айтылып, оның есімі клуб тарихында ерекше орын алатыны атап өтілді.

Премьер-лиганың жаңа маусымында «Ноттингем» үш турдан кейін 4 ұпаймен турнир кестесінде 10-орында тұр.