09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әйбек Оралбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әйбек Оралбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасының капитаны, аса ауыр салмақта (90 кг-нан жоғары) өнер көрсететін Әйбек Оралбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен аяқтады. 1/8 финалда ол түркиялық Ильяс Мюджахитті 5:0 есебімен (бірауыздан шешім) жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Осылайша Оралбай жүлдеге тағы бір қадам жақындады, ал қарсыласы турнирді аяқтады. Айта кетейік, Әйбек Оралбай — Азияның екі дүркін чемпионы (2022, 2024). Ливерпульдегі бұл біріншілік — World Boxing ұйымы тарихындағы ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты.