09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» қорғаушысы Иэн Маккошен жарақат алып қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» қорғаушысы Иэн Маккошен жарақат алып қалды

«Барыс» қорғаушысы Иэн Маккошен «Трактормен» өткен матчта жарақат алып, жарақаттылар тізіміне енгізілді. Кездесудің барысында оған қарсылас команда ойыншысы Джошиво Ливо соққы жасаған шайба тиіп, америкалық қорғаушының мұрны сынған.

Соның салдарынан Маккошен алдағы бірнеше ойынды командаға көмектесе алмайды. Айта кетейік, сол матчта «Барыс» овертаймда «Тракторды» 4:3 есебімен жеңіп, маусымды жеңіспен бастаған еді.