09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» екінші турда тартысты кездесу өткізеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» екінші турда тартысты кездесу өткізеді

Бүгін, 9 қыркүйекте КХЛ-дың жаңа маусымындағы екінші тур аясында «Барыс» өз алаңында Хабаровскінің «Амур» клубын қабылдайды. Ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Михаил Кравец шәкірттері алғашқы турда былтырғы маусым финалисті «Тракторды» овертаймда 4:3 есебімен жеңіп, маусымды сәтті бастады. Бұл жеңіс жанкүйерлердің сенімін күшейтіп, командаға үлкен серпін берді.

Ал «Амур» бірінші ойында ұтылып, бүгінгі матчта алғашқы ұпайын еншілеуді көздейді.

Кездесу екі команда үшін де маңызды. «Барыс» жеңіс жолын жалғастыруды қаласа, «Амур» маусымдағы алғашқы ұпайын алу үшін барын салады.