08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Төрехан Сабырхан ширек финалға жолдама алды

Төрехан Сабырхан ширек финалға жолдама алды

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақ боксшысы әлемдік доданың 1/8 финалында нидерландылық Робертс Боспен кездесті.

Ересектер арасындағы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып жатқан Төрехан төрешілер шешімімен ширек финалға шықты.

Алғашқы екі раунд тең дәрежеде өтті. Ал үшінші раундта біздің боксшы айқын басымдық танытып, жеңісті жұлып әкетті.