08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жеті қазақстандық боксшы Ливерпульдегі әлем чемпионатында жұдырықтасады

Жеті қазақстандық боксшы Ливерпульдегі әлем чемпионатында жұдырықтасады

Ливерпульде өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында бүгін Қазақстаннан жеті өкіл өнер көрсетеді — деп хабарлайды Qazsport.

Турнирдің ерлер бөлімінде Бейбарыс Жексен (60 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг) және Айбек Оралбай (90+ кг) шаршы алаңға шығады. Әйелдер құрамасын Аида Әбікеева (65 кг) мен Гүлсая Ержан (80 кг) таныстырады.

Күндізгі сессия Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады, онда келесі жекпе-жектер өтеді:

  • Гүлсая Ержан — Ивета Лесинските (Литва)
  • Төрехан Сабырхан — Финн Роберт Бос (Нидерланды)
  • Сағындық Тоғамбай — Джек Майкл Марли (Ирландия)

Кешкі сессия сағат 22:00-де басталады, бағдарламада:

  • Аида Әбікеева — Сук Ён Кан (Оңтүстік Корея)
  • Бейбарыс Жексен — Сачин (Үндістан)
  • Сабыржан Аққалықов — Павел Иллюша (Украина)
  • Айбек Оралбай — Ильяс Мүжахит (Түркия)