08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жібек Құламбаева Қытайда өтетін Хучжоу челленджер турниріне жолдама алды

Жібек Құламбаева Қытайда өтетін Хучжоу челленджер турниріне жолдама алды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 302-ракеткасы Жібек Құламбаева Хучжоу (Қытай) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жібек іріктеу сайысының финалында дүниежүзілік рейтингіде 576-орында тұрған оңтүстіккореялық Су Джон Чанның мысын басты.

Қос партия да 6:3 есебімен Құламбаеваның пайдасына шешілді. Тартысты бәсеке 2 сағат 4 минутқа созылды.

Жібек Құламбаеваның негізгі жарыстағы алғашқы қарсыласы кейін анықталады. Аталмыш дода 14 қыркүйекте мәресіне жетеді.