07.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Париждегі UFC турнирінде бонус алған файтерлер тізімі шықты

Париждегі UFC турнирінде бонус алған файтерлер тізімі шықты

UFC баспасөз қызметі қыркүйектің 6-нан 7-сіне қараған түні Парижде (Франция) өткен UFC Fight Night 258 турнирінің қорытындысы бойынша қай спортшылар $50 000 бонус алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келесі файтерлер «Үздік өнері үшін» бонусын алды: Кауе Фернандес, Анте Делия, Мэйсон Джонс және Бенуа Сен-Дени.

Еске салайық, UFC Fight Night 258 турнирінің басты жекпе-жегінде дағыстандық француз Нассурдин Имавов бразилиялық Кайо Борральюны жеңді.