06.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Янник Синнер финалға шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Янник Синнер финалға шықты

Түнде өткен жартылай финалда әлемнің №1 теннисшісі Янник Синнер (Италия) канадалық Феликс Оже-Альяссимді 3 сағат 20 минутқа созылған матчта 6:1, 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Статистика: Синнер — 11 эйс, 4 қос қате, брейк-пойнттан 4/11; Оже-Альяссим — 9 эйс, 5 қос қате, брейк-пойнттан 1/10.

Осы нәтижемен Синнер финалда әлемнің №2 ойыншысы Карлос Алькараспен кездеседі. US Open-2025 Нью-Йоркте 24 тамыз – 7 қыркүйек аралығында өтуде.