06.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Дублинде WBC International белбеулері сарапқа салынды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Дублинде WBC International белбеулері сарапқа салынды

Ирландияның Дублин қаласындағы 3Arena аренасында кәсіпқой бокс кеші өтіп, жартылай жеңіл салмақтағы (57,2 кг) WBC International вакантты титулы үшін жергілікті экс-үміткер Майкл Конлан (20-3, 10 КО) мен британдық Джек Бейтсон (20-2-1, 6 КО) кездесті, деп хабарлайды vRINGe.com.

Төртінші раундта Конлан оң қолмен хук жасап, қарсыласын нокдаунға түсірді. Бейтсон орнынан тұрса да, рефери жекпе-жекті жалғастыруға дайын емес деп тауып, айқас ТКО 4 нәтижесімен тоқтатылды. Осылайша Конлан вакантты белбеуді иеленді.

Кеш аясында екінші найлег жеңіл салмақта (52,2 кг) тағы бір WBC International вакантты титулы сарапқа салынды. Бұл белбеу үшін бұрынғы әлем чемпионы британдық Чарли Эдвардс (21-2, 7 КО) пен мексикалық Сальвадор Хуарес (20-10-2, 4 КО) жұдырықтасты.

Сенсация тіркелмеді: фаворит Эдвардс жеңісті бірауыздан (UD) алды. Қазылар ұпайы — 99–91, 96–94, 99–91. Нәтижесінде Эдвардс та вакантты титулдың иегері атанды.