05.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Максим Самородов: «Ойын креативке құрылды»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Максим Самородов: «Ойын креативке құрылды»

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Уэльске қарсы өткен (0:1) 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынынан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Pulse.

Матчтан соң ол Qazsport арнасына берген сұхбатында бірінші таймдағы негізгі тактика қозғалыс пен прессингке негізделгенін айтты:

«Иә, біздің тактикамыз соған құрылған еді. Өте көп күш жұмсадым деп ойлаймын. Бірақ футбол осындай, аз жүгіріп, бірдеңеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрқашан қозғалыста болып, сәт іздеп, қарсыласты қыспаққа алу керек», — деді Самородов.

Форвард сонымен бірге ойын жоспары ойыншыларға шығармашылық еркіндік бергенін атап өтті:

«Барлығы қатаң тәртіппен болды деп айта алмаймын. Шамасы, бәрі креативке құрылды», — деді ол.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте Астанада өткен ойында Уэльске 0:1 есебімен есе жіберді. Келесі кездесу 7 қыркүйекте Бельгияға қарсы өтеді.