05.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Соболенко Пегуланы жеңіп, US Open финалына шықты

Соболенко Пегуланы жеңіп, US Open финалына шықты

Арина Соболенко US Open турнирінде сәтті өнер көрсетуін жалғастыруда — әлемнің бірінші ракеткасы жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Беларусь теннисшісі — биылғы маусымда алғаш рет америкалық мэйджордың финалына шығып, Пегуламен жеке кездесулердегі басымдығын 8:2-ге дейін арттырды.

Ағымдағы маусым Соболенко үшін ерекше болды — ол үшінші рет Үлкен дулыға турнирінің финалына өтіп, тоғыз жыл бұрынғы Анжелик Кербер мен Серена Уильямстың жетістігін қайталады.

Шешуші матчта үш Үлкен дулыға титулының иегері беларусь спортшысы Наоми ОсакаАманда Анисимова жұбының жеңімпазымен кездеседі.