05.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық жасөспірім алғаш рет US Open жартылай финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық жасөспірім алғаш рет US Open жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Pulse.

Ширек финалда қазақстандық спортшы ресейлік Тимофей Дерепасконы екі сетте сенімді жеңді – 6:2, 6:4. Оның жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталмақ.

Заңғар Нұрланұлы – жасөспірімдер US Open турнирінің жартылай финалына дейін жеткен алғашқы қазақстандық теннисші атанды.