05.09.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Али Алиев Қазақстан құрамасының Уэльске қарсы ойындағы жеңілісін бағалады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Али Алиев Қазақстан құрамасының Уэльске қарсы ойындағы жеңілісін бағалады

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Али Алиев Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы туралы пікір білдірді. Қазақстан Уэльске 0:1 есебімен есе жіберген болатын.

— «Валлийліктер алғашқы минуттарда эмоция мен күштің арқасында ойынды өз қолына алды. Бірақ жігіттеріміз біртіндеп қарымта шабуылға шықты: Кенжебек, Самородов, Сатпаев қауіпті сәттер жасады. Өкінішке қарай, стандарттан келген эпизодты толыққанды ойнап үлгермей, гол жіберіп қойдық. Ал екінші таймда түзетулер енгіздік. Балаларға, жанкүйерлерге алғыс айтамын. Олардың қолдауы бізге ерекше күш берді. Екінші таймда Қазақстан құрамасын көрудің өзі бір ғанибет болды. Ең бастысы – біздің команда өсіп келеді. Психология тұрғысынан да: енді мұндай қарсыластардан қорықпаймыз», — деді Алиев.

Бас бапкер ойыншылардың екінші таймдағы белсенділігін атап өтті.

— «Бұл жерде мәселе ауысымда емес. Біз стратегия бойынша дайындалдық: алғашқы 60 минуттан кейін шаршау басталатынын білдік. Сол кезде бар күшті қосу керек болды. Жігіттер оны сезіне білді. Біз қазір команда құрамын өзгертіп, модельге сәйкес келетіндерді сынап жатырмыз. Бұл деңгейде бәсекеге қабілетті болу үшін осылай істеуге тура келеді», — деді ол.

Алиев Уэльстің қауіпті флангтарына қарсы қорғаныстағы ойынға да тоқталды.

— «Біз оларды жақсы зерттедік. Алғашқыда сергек кездерінде шабуылдары өткір болды. Бірақ 60 минуттан кейін олар да шаршады. Бізде керісінше мүмкіндік туды. Егер кейбір сәттерді дұрыс шешсек… Мысалы, Кенжебектің неге допты тағы ыңғайлап алғанын түсінбедім. Ертерек соққы жасаса, мүмкін гол болар еді. Бірақ, бастысы – балалар біздің философияны түсінеді. Сол үшін ризамын», — деп түйіндеді бас бапкер.