04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

2025 жылғы бокстан әлем чемпионатының бірінші күнінен тікелей трансляция

2025 жылғы бокстан әлем чемпионатының бірінші күнінен тікелей трансляция

Ливерпульде өтетін әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде Қазақстанның екі боксшысыү өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова өзбекстандық Нигина Уктамовамен жұдырықтасады. Сағындық Тоғамбай да өзінің алғашқы кездесуін өткізеді – 90 келі салмақта оның қарсыласы жергілікті боксшы, ағылшын Айзек Око болады.

Қазақстандық боксшылардың рингке шығуы Астана уақытымен 22:00-де басталатын кешкі сессия аясында өтеді.

Жекпе-жектің тікелей көрсетілімі «Qazsport» және SPORT+ телеарналарында көрсетіледі.

Айта кетейік, бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында өтеді