03.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстанмен матч алдында Уэльс құрамасының бапкері: «Біздің мақсат — жеңіс және топта тамаша ойын көрсету

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстанмен матч алдында Уэльс құрамасының бапкері: «Біздің мақсат — жеңіс және топта тамаша ойын көрсету

Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами Қазақстанға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу ойыны алдындағы баспасөз мәслихатында командасының басты мақсатын атап өтті.

«Ештеңе өзгермейді. Біздің мақсат — жеңіс және топта тамаша ойын көрсету. Қалған барлық матчтарды ұтуымыз керек, ол үшін сапалы да үйлесімді ойынды көрсету қажет. Сол арқылы қажет ұпайды жинай аламыз», — деді Беллами.

Сондай-ақ бапкер ойыншы таңдауда ең маңызды өлшемді атады: «Маған ойыншылардың басты қыры — команданың ойынына қалай кіріге алатыны. Кімге қарсы ойнайтынымыз маңызды емес, маңыздысы — футболшының құрамдағы өзін қалай көрсететіні».

Матч: Қазақстан — Уэльс
Күні мен уақыты: 4 қыркүйек, 19:00 (Астана уақыты)
Өтетін орын: «Астана Арена»