02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рамазан Оразов:  «Мақсат – жеңіс»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рамазан Оразов:  «Мақсат – жеңіс»

Қазақстан құрамасы мен «Елімайдың» жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов алдағы әлем чемпионаты-2026 іріктеу ойындары туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Футбол Жолы YouTube арнасы.

«Көңіл-күй – жоғары, мақсат – жеңіс. Жанкүйерлер жігерлі ойын күтсін», — деді Оразов.

Футболшы өз болашағына да тоқталды: «Қазір „Елімайда“ жалға берілгенмін, құқықтарыма Дания клубы ие. Қаңтарда соған баруым керек, әзірге нақтысы белгісіз».

Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте Астанада Уэльсті қабылдайды, ал 7-нен 8-іне қараған түні Брюссельде Бельгиямен кездеседі.

Еске сала кетейік, Оразов 2024 жылдың жазында «Тобылдан» Дания чемпионатына ауысып, «Силькеборг» сапында 24 матч өткізіп, 3 гол соқты. 2025 жылдың 9 шілдесінде «Елімай» оны маусым соңына дейін жалға алғанын мәлімдеген еді.